«Арселордың» тағы бір шахтасында апат болды
Салдарынан бір адам қайтыс болды
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ қарасты «Қазақстан» шахтасынан қызметкердің денесі табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, ер адамның денесі бүгін шахта аумағынан табылған.
Қазіргі уақытта ішкі істер органдары қайғылы жағдайдың мән-жайын тергеп жатыр.
Еске сала кетейік, 3 қарашада дәл осы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментіне тиесілі Ленин атындағы шахтада апат болып, 5 адам қайтыс болған еді.
Жалпы, шахталар «АрселорМиттал» қолына өткелі 16 жылда 114 кісі өлімі болғанын бұған дейін жазған едік.