×

Шахтадағы апат: қаза тапқандардың есімі белгілі болды

Облыс әкімдігі Ленин шахтасында қаза тапқандардың тізімін жариялады

 Динара Амантай 03.11.2022 | 13:45
Фото: Tengrinews/Тұрар Қазанғапов

«АрселорМиттал Теміртау» кенішіндегі кезекті қайғылы оқиғаның салдарынан қаза тапқан кеншілердің есімдері белгілі болды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қарағанды облысы әкімдігі Ленин шахтасында қаза тапқандардың тізімі:

1. Бойченко Дмитрий Игоревич, 1991 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Артында анасы қалды.

2. Санжаров Андрей Павлович, 1980 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Артында ата-анасы мен екі баласы қалды.

3. Инкин Денис Анатольевич, 1984 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Марқұмның соңында әкесі, зайыбы, қызы және асырауындағы тағы бір адам қалды.

4. Қашкей Арман Қадыржанұлы, 1993 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Артында ата-анасы қалды.

5. Ынтыбеков Марғұлан Серікұлы, 1996 жылы туған, бұрғылау қондырғысы машинисінің көмекшісі. Марқұмның артында әкесі қалды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтасындағы апат кезінде 5 адам қаза тауып, аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Осыған байланысты президент қаза тапқан жұмысшылардың отбасына көңіл айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама