×

Boeing пен Airbus ұшақтарының қытайлық бәсекелесі пайда болды

Ұшақ сертификаттау рәсімінен өтті

 Бауыржан Мұқанов 06.11.2022 | 14:30
Фото: reuters.com

8 қарашада Қытайдың Чжухай қаласындағы ең ірі әуе салонында тар фюзеляжды C919 ұшағы таныстырылады, деп хабарлайды Reuters.

Әдетте көрсме 8-13 қараша аралығында екі жылда бір рет өтеді. 740 компания қатысады деп күтілген әуе көрмесінде Қытай отандық азаматтық және әскери авиация технологиясын көпшілік назарына ұсынбақ.

Қытайдың коммерциялық авиация корпорациясы (COMAC) жасаған C919 ұшағы Airbus SE (AIR.PA) және Boeing Co (BA.N) шығарған тар фюзеляжды ұшақтардың бәсекелесі болмақ. 

Бұрын бұл ұшақ көрмелерге қатыспаған. Ол 2019 жылдың 24 қазанында алғашқы сынақ рейсін жасады. Қыркүйек айының соңында COMAC C919 ұшағын сертификаттау рәсімін өткізді, ол енді өзінің бірінші тұтынушысы China Eastern Airlines Corp-ке жеткізілуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама