×

Петропавлда пәтерде жалғыз қалған төрт жасар бала 5-қабаттан құлап кете жаздады

Баланың ата-анасы ауруханаға кетіп қалған

 Самат Жақып 03.11.2022 | 16:22
Фото: СҚО полиция департаменті

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер қайғылы жағдайдың алдын алды. Түс кезінде тәртіп сақшылары баланың бесінші қабатағы пәтердің терезесіне жақын тұрғанын байқаған, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері – полиция подполковнигі Сергей Земский мен полиция майоры Ерболат Қожахметов түскі үзіліске шыққан. Петропавлдағы Володарский көшесі бойымен өтіп бара жатқанда 5-қабатта ашық тұрған терезенің жанындағы баланы байқаған.

Полицейлер баламен сөйлесіп, терезеден түсуге көндірген. Терезені жапқанына көз жеткізген соң тәртіп сақшылары пәтерді анықтауға кіріседі. Қай үй екенін анықтаған соң баламен есіктің екінші жағында тұрып сөйлескен. Осылайша баланың терезеге жақындамауына жол бермеуді ойлаған.

Осы уақытта оқиға орнына ювеналдық полиция қызметкері келіп, көршілері арқылы баланың ата-анасына хабарласты.

Төрт жасар баланың анасы өзіне мүгедектігі бар екенін ресімдемек болған. Ересектердің екеуі де ауруханада кетіп қалған. Олармен профилактикалық түсіндіру жүмыстары жүргізілді.

«Кішкентай баланы үйде жалғыз қалдыруға болмайды. Себебі мұның арты жақсылыққа апрамауы мүмкін. Сондай-ақ терезелерге арнайы бекіткіштер орнату қажет.  Мүмкіндік болса терезенің жанында орындық, жиhаз сияқты заттарды қоймау керек», - дейді жергілікті полиция қызметінің қызметкері Ерболат Қожахметов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама