×

Банкаралық ақша аудару комиссиясы азаяды

Бастама кезең-кезеңімен жүзеге асырылады

 Халық үні 03.11.2022 | 12:26
Сурет: Ұлттық банктің ресми сайтынан

Қазақстан Ұлттық банкі мен Visa, Mastercard және UnionPay ақша аудару жүйелерімен бірлесіп қолма-қол емес төлем мен банкаралық аударымдарға комиссияны азайтады, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі. 

Шекті мөлшерлемелер төмендеген кезде кезең-кезеңімен төмендету тәсілі қолданылады. Бірінші кезең 2024 жылы 1 қаңтарда, ал екінші кезең – 2025 жылы 1 қаңтарда басталады:

  • жаппай сегментте (Classic, Gold және басқалары) бірінші кезеңде шекті мөлшерлемелер қазіргі мөлшерлемеден (1,80%-2,0%-дан) 1,50%-ға дейін, екінші кезеңде – 1,0%-ға дейін төмендейді;
  • премиум сегментте (Platinum, World және басқалары) бірінші кезеңде қазіргі мөлшерлемелерден (шамамен 2,40%-дан) 1,80%-ға дейін, екінші кезеңде – 1,20%-ға дейін төмендету көзделеді;
  • супер премиум сегментте (Infinite, World elite, Diamond және басқалары) бірінші кезеңде мөлшерлемелер қазіргі мөлшерлемеден (шамамен 2,45%-дан) 2,0%-ға дейін, екінші кезеңде – 1,40%-ға дейін төмендейді.

«Қолма-қол ақшасыз карталық төлемдер бойынша банкаралық комиссиялардың төмендеуі төлем индустриясының одан әрі дамуына оң ықпал етеді және банк комиссияларын төлеуге бизнес субъектілерінің шығындарын қысқартады. Бұл тәсіл қолма-қол ақшасыз төлемдерді одан әрі дамытып, «көлеңкелі экономиканың» азаюына оң әсерін тигізеді», – деп мәлімдеді Ұлттық банк.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама