×

Баянауыл әкімдігі асфальттың су үстіне төселгенін жоққа шығарып отыр

Көлік тұрағына арналған жолға 13 миллион теңге бөлінген

 Еркеғали Болатұлы 03.11.2022 | 11:31
фото: drivertrainer.org

Павлодар облысының Баянауыл ауданында судың үстіне асфальт төселген. Оны жергілікті тұрғындардың бірі видеоға түсіріп алыпты.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің ашуын тудырды. Бұл ретте жол жөндеушілер қарлы жаңбырдан кейін құрғамаған жерге асфальт салған. Енді тұрғындар ол жолдың сапалы боларына күмәнмен қарап отыр. Сол себепті, асфальтты бұзып, қайтадан салу талап етілген.

Алайда Баянауыл ауданының әкімдігі ол дәйекті жоққа шығарды. Айтуларынша, сол күні күн ашық болған. Ал көлік тұрағына арналған жолға асфальт төсеуге 13 миллион теңге бөлінген.

«Көлік тұрағы әлі қабылдап алынған жоқ. Сапасына қатысты лабораториялық анализін жіберткіземіз, әрине. Оның бәрін тексертеміз», - деді Баянауыл ауылының әкімі Бүркітбай Бижанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама