×

Солтүстік Корея оңтүстікке бағыттап оныншы зымыранын атты

Соңғысына жауап ретінде Сеул солтүстікке қарай 3 зымыран жіберді

 Еркеғали Болатұлы 02.11.2022 | 15:25
фото: reuters.com

Бүгін таңертең Солтүстік Корея тағы да зымыран атты. Ол алғаш рет Оңтүстік Кореяның үстінен өтіп, оның теңіз жағалауында орналасқан Сокчо қаласынан 60 шақырым жерге түскен.

Бұған жауап ретінде Сеул солтүстікке қарай 3 зымыран жіберді. Дегенмен кейінірек Оңтүстік Кореяның Бірлескен штаб қолбасшылығы Пхеньянның бір емес, 10 зымыран атқанын хабарлады.

Жалпы, ядролық қаруға ие Солтүстік Корея биыл рекордтық көлемде ракета сынады. Сеул мен Вашингтонның мәлімдеуінше, бұл мемлекет 2017 жылдан бері алғаш рет атомдық арсенал сынауға техникалық дайындықты толық аяқтап отыр.

Айта кетсек, бірер күн бұрын Солтүстік Корея АҚШ пен Оңтүстік Кореядан аймақта кең ауқымды әскери жаттығу өткізуді доғаруды талап етіп, мұндай «арандатушылыққа» төзе алмайтынын ескерткен болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама