×

Студенттердің құқықтарын қорғайтын кеңесші тағайындалды

Ол әлеуметтік және білім беру салаларында қоғамдық жұмыспен айналысқан

 Динара Амантай 02.11.2022 | 12:10
Айсұлу Ерниязова, фото: ашық дереккөз

Ғылым және жоғары білім министрінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі тағайындалды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі – студенттік омбудсмен болып Айсұлу Ерниязова тағайындалды. Ол министрлікте студенттердің құқықтарын қорғаумен айналысады.

Айсұлу Ерниязова – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, журналистика магистрі. 2021 жылы «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша Экономика және бизнес жоғары мектебінің философия докторы (PhD). Оның әлеуметтік және білім беру салаларында қоғамдық жұмыспен айналысқан тәжірибесі бар.

Сонымен қатар, Айсұлу Ерниязова – AMANAT партиясы республикалық Саяси Кеңесінің және Ұлттық құрылтайдың мүшесі. «Шапағат» және «Халық алғысы» мемлекеттік наградаларының, «Алтын барыс» төсбелгісінің, «Құрмет» орденінің иегері, «Үздік ерікті» номинациясының жеңімпазы, «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама