×

Президент Үндістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Аспалы көпір құлап, салдарынан 141 адам қаза тапқан болатын

 Динара Амантай 31.10.2022 | 17:20
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге Гуджарат штатында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үндістанның Гуджарат штатында жаяу жүргінші көпірінің құлауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осы қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан халқына және Үкіметіне көңіл айтамын. Сондай-ақ жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

Еске сала кетсек, Үндістанның Гуджарат штатында аспалы көпір құлап, салдарынан 141 адам қаза тапқан болатын. Құлаған сәтте оның үстінде 500-ге жуық адам болған. Болжам бойынша, көпірдің конструкциясы жиналғандардың салмағын көтере алмаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама