×

14 жастағы павлодарлық nail-индустрияда әлем чемпионы атанды

Тырнақ әрлеу қызметінің 14 жастағы шебері nail-индустрияда әлем чемпионы атанды

 Халық үні 30.10.2022 | 23:46
ашық дереккөзден

Павлодар облысының Екібастұз қаласында тұратын жасөспірім nail-индустрияда әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Арулат Мұхаметқали Instagram-аккаунтында қуанышты жаңалығымен бөлісті. Тырнақ әрлеу қызметінің 14 жастағы шебері қолдау білдірген ата-анасына, тәлімгеріне және облыс әкімдігіне алғыс айтты.

«Сүйінші! Достар, құттықтап қойсаңыздар болады, өз категориямда nail-индустриясының Әлем чемпионы атандым. Қуаныштымын, ұйқысыз түндер бекерге кетпеді... Әрбір чемпионат өзімді шыңдауға және алға ұмтылуға мүмкіндік береді», - деп жазды жасөспірім.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов nail-стилисті жеңісімен құттықтап, жаңа белестерді бағындыруды, жаңа мақсаттар мен жеңісті күндер тіледі.

Еске салайық, Арулат Мұхаметқали – «Ертіс дарыны-2021» жастар сыйлығының иегері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама