×

Үндістанда көпірдің құлауынан 60 адам қаза тапты

Болжам бойынша көпірдің конструкциясы жиналғандардың салмағын көтере алмаған

 Халық үні 30.10.2022 | 22:45
Фото: AP Photo / Rajesh Ambaliya

Үндістанда көпірдің құлауынан кем дегенде 60 адам қаза тапты, деп хабарлайды Еuronews.

Оқиға Гуджарат штатында болған. Көпір опырылған сәтте оның үстінде 500-ге жуық адам болған. Олардың көбі суға құлаған.

Болжам бойынша көпірдің конструкциясы жиналғандардың салмағын көтере алмаған.

Оқиға орнында құтқарушылар тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Ондаған адам ауруханаға жеткізілді.

ХІХ ғасырда салынған көпір бірнеше күн бұрын ғана жөндеуден кейін қайта ашылған болатын. Бұл ретте, жекелеген БАҚ-тың мәліментінше, ол тиісті рұқсат құжаттарсыз қолданысқа берілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама