×

Ресей Qazaq Air компаниясына Новосибирскке ұшуға тыйым салды

 Халық үні 30.10.2022 | 14:36
Сурет: ашық дереккөзден

Qazaq Air әуе компаниясы 30 қазандағы Астана-Новосибирск бағытындағы рейстің тоқтатылғаны туралы хабарлайды.

Ресей Федерациясы авиациялық басшылығының Астана-Новосибирск, Өскемен-Новосибирск бағыттары бойынша халықаралық тұрақты ұшуды орындауға рұқсат беруден бас тартуына байланысты аталған бағыттар бойынша рейстер уақытша тоқтатылды.

Жолаушыларға билеттер құнын толығымен қайтару ұсынылады. Ақшаны қайтару билеттерді сатып алған жерде жүзеге асырылады. Егер билет авиакомпаниядан сатып алынған болса, қайтару туралы өтінішті, брондау номері мен кері байланыс мәліметтерін info@flyqazaq.com  поштасына жолдау қажет. Егер билет агенттікте сатып алынған болса, сол агенттікке хабарласуыңыз керек.

Авиакомпания уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Біз барлық жолаушыларды кестенің алдағы өзгерістері туралы хабардар етеміз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама