×

Голландиялық жігіт қалыңмалын төлеп, қазақ қызын ұзатып алып кетті (ВИДЕО)

Құдалар Амстердамнан 15 адам болып ұшып келген

 Еркеғали Болатұлы 30.10.2022 | 13:42
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде голландиялық жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының ұзату тойы қызу талқыға түсті. Бұл туралы ztb.kz хабарлады.

Үш тілде өткен той иелерінің айтуынша, голландиялық құдалар қазақтың салт-дәстүрі бойынша қоржын, қалыңмал сияқты дүниелердің барлығын жасап, қызды ұзатып алып кеткен.

Біздің жаңа құдалар Амстердамнан 15 адам болып ұшып келді. Біз барлық дәстүрді ұсынуға тырыстық. Құдаларға қойдың басын беріп, сый көрсеттік.

Олар бастапқыда таң қалғанын жасырмады. Құйрық-бауыр жеп, қазақтың әндеріне билеп, өте керемет деңгейде өткіздік», - дейді ұзатылған қыздың туысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама