×

Жаңақорған ауданында 800 тең жоңышқа өртеніп кетті

Сондай-ақ 3 тіркемеге тиелген жантақ шөбі өртенген

 Еркеғали Болатұлы 30.10.2022 | 09:00
фото: ашық дереккөз

Кеше сағат 16.26-да Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы №14 cөндіру бөлімінің байланыс бекетіне хабарлама түскен. Онда ауданға қарасты Билібай ауылындағы тұрғын үй маңында шөп өртеніп жатқаны айтылған.

Оқиға орнына кезекшіліктегі жеке құрам арнайы техникамен жетті. Онда ашық алаңға жиналған 800 тең жоңышқа және 3 тіркемеге тиелген жантақ шөбі өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің беті сағат 17.07-де қайтарылды.

Оттың тұтану себебі анықталып жатыр. Өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді Қызылорда облыстық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама