×

Президент бірнеше судьяны қызметінен босатты

Екеуі тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін босатылды

 Динара Амантай 29.10.2022 | 17:00
Фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 26 қазанда «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Жарлыққа қол қойды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жарлыққа сәйкес Қостанай облыстық сотының төрағасы Анатолий Смолин орнынан түсуіне байланысты қызметінен босатылды. Сондай-ақ екі судья тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін сот жюриінің қаулысымен қызметінен босатылды. Олар – Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотының судьясы Қанат Сырлыбаев пен Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Ғалымжан Бекмәмбетов.

Астана қаласы Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Динара Қабиденова басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылса, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қыдырбек Әлқожаев қайтыс болуына байланысты қызметінен босатылды.

Сонымен бірге құжат бойынша Астана қаласы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы болып Марлен Бекетов және  Ақтөбе қалалық сотының судьясы болып Марал Омарова тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама