×

Көлік инфрақұрылымы рейтингінде Қазақстан 73-орында

Рейтингте барлығы 141 ел бар

 Ербол Тұрымбет 29.10.2022 | 12:09
Фото: ашық дереккөз

Азия даму банкі институты 2021 жылы Орталық Азияның үш еліндегі көлік инфрақұрылымының саудаға қалай әсер етенінін зерттеген. Соның қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Қырғызстан және Тәжікстандағы көлік инфрақұрылымының 1% жақсаруы экспортты 9,15%-ға, импортты 5,12% жақсартатынын анықтаған деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Finprom.kz сарапшыларының жазуынша, теміржол мен әуе көлігі бойынша, оларды оңтайландыру 5,16% және 7,83% көбейтетінін дәлелдеген. Осылардың ішінде инфрақұрылым бойынша Қазақстан озық тұр.

Одан бөлек, Бүкіләлемдік банктің мәліметінше, жол сапасының 1% жақсаруы компаниялар мен жұмыс орындарының 0,3%–0,4% артуына әкелмек.

Бүкіләлемдік экономикалық форумның дерегінше, соңғы онжылдықта жаһандық бәскелестік индексі бойынша көлік-логистика жөнінен Орталық Азия елдері жоғары бағадан әлдеқайда алыс тұр. Көлік инфрақұлылымы деңгейі рейтінгісі бойынша барлығы 141 елдің ішінде Қазақстан 2019 жылы тек 73-орында қалған. Тәжікстан 111, Қырғызстан – 129-орында.

ТМД елдері арасында осы айтылған тізімге кіргендердің ішінде Әзербайжан 31, Ресей 49-орында екен. Ал топ басында Сингапур, соңғы орында Йемен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама