×

Грэмми сыйлығының иегері Иманбек үйленді

Бұған дейінгі сұхбаттарының бірінде диджей өзінің бір жарым жыл бойы «Айби» атты қызбен кездесіп жүргенін айтқан

 Халық үні 28.10.2022 | 23:45
Фото: әлеуметтік желіден алынды

Grammy сыйлығын алған алғашқы қазақстандық Иманбек Зейкенов үйленді. Дүбірлі тойдан кадрлар желіде пайда болды.

Қуанышты жаңалықпен Бауыржан Жансейітов есімді желі қолданушысы өзінің Facebook-тегі парақшасында бөлісті.

«Біз енді құдамыз. Біздің Айшабибі мен Иманбек үйленді!», - деп жазды ол.

Бұған дейінгі сұхбаттарының бірінде диджей өзінің бір жарым жыл бойы «Айби» атты қызбен кездесіп жүргенін айтқан. Сүйіктісі оны ең бірінші болып музыкалық сыйлық алуымен құттықтаған екен.

«Мен мансабым мен жеке өмірімді бір-бірінен алшақ ұстаймын. Сондықтан қызымнан менің қызметіме араласпауын өтіндім. Мысалы, студияда жұмыс істеуге кедергі болмағанын қалаймын. Оның қолдауы, әрине, орасан зор. Менің жаңа тректерімді алғашқылардың бірі болып сол естиді», - дейді Иманбек.

Өнер иесі қыздардың қарапайымдылығын, әдептілігін, ақылдылығын бағалайтынын ашық айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама