×

Ақтөбеде өзен жағасынан қинап өлтірілген 2 адамның мәйіті табылды: 13 адам ұсталды

Аталмыш факті бойынша жалпы 13 адам ұсталды

 Халық үні 28.10.2022 | 22:55
Фото: видеодан алынды

Ақтөбе қаласында екі кісіні өлтірді деген күдікке ілінгендердің үшеуі елордада ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, 28 қазан күні Астана қалалық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Бөгенбай батыр даңғылындағы үйдің ауласынан үш күдіктіні ұстады.

Ұсталған үшеу Ақтөбеде екі кісіні өлтірді деген күдікпен іздеу жарияланып, елордада жасырынып жүрген.

Аталмыш факті бойынша жалпы 13 адам ұсталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама