×

Партиялық емес байқау орталығы сайлауға 20 мыңдай байқаушы қоюға кірісті

Тек дауыс беруді емес, үгіт-насихат кезеңін де бақылауды көздеп отыр

 Еркеғали Болатұлы 28.10.2022 | 10:14
фото: ашық дереккөз

Оларды оқыту үшін 80 семинар сабақ өткен. Білім алу үдерісінде байқаушылардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Сайлау учаскелерінде туындаған даулы мәселелерді шешу жолдары көрсетіліп, құқықбұзушылықтарды қалай тіркеу керектігі айтылады.

Сондай-ақ байқау орталығы енді тек дауыс беруді емес, үгіт-насихат кезеңін де бақылауды көздеп отыр. Осылайша, саяси науқанның әділ әрі заңды өтуін қамтамасыз етуге үлес қоспақ.

Елімізде 10 мыңға жуық сайлау учаскесі бар. Сол барлық учаскені қамтуға ниеттіміз. Барлық өңірлерімізде қоғамдық бірлестіктің филиалдары жұмыс істейді. Солардың базасында біздің шұғыл түрде ақпарат жинайтын штабтарымыз құрылған, - деді Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама