×

Жамбыл облысында әкімдік ғимаратты 5 есе қымбатқа сатып алады – ресми жауап

Әкімдік ресми ақпаратқа сенуге шақырды 

 Ұлдана Жұбай 27.10.2022 | 09:30
Фото: turaninfo.kz

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігі 50 миллион теңгенің ғимаратын бес есе қымбат бағаға сатып алатыны туралы ақпарат тарады.

Меркіде әкімдік 50 миллион теңгенің ғимаратын 250 миллион теңгеге сатып алғалы отыр, - делінген желіде тараған ақпаратта.

Меркі ауданы әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Аудан әкімдігі тарапынан ғимарат сатып алу жоспарланбаған. Сондықтан тек ресми ақпаратты негізге алуды ұсынамыз», - деп жауап берді аудан әкімдігі Halyq Uni тілшісіне.

Меркі ауданы – Жамбыл облысының оңтүстігіндегі әкімшілік бөлік. Аудан орталығы – Меркі ауылы.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының туристік әлеуетін арттыру үшін осыдан төрт жыл бұрын «Қараалма» тау-шаңғы туристік кешенінің іске қосылмай тұрғаны хабарланды. «Қараалма» кешенінің құрылысы 2018 жылы басталған. Жобаның жалпы құны 7,9 миллиард теңгені құрайды. Тау-шаңғы базасы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінен 8 шақырым, Тараз қаласынан 70 шақырым, Шымкент қаласынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазірге дейін кешен құрылысына 4 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған. Соған қарамастан кешен иесі нысанда шана сүйреп, шаңғы тебетін күн жауық арада тумайтынын айтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама