×

Нью-Йорк қаласының мэрі қазақстандық орындаған «Ерке сылқым» күйінің видеосын жариялады

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, АҚШ-та қазақтың күйін Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі Жүсіпхан Аманмырза орындаған

 Халық үні 27.10.2022 | 06:33
Фото: видеодан алынды

АҚШ-тағы Нью-Йорк қаласының мэрі Эрик Адамс Instagram-дағы парақшасында «Ерке сылқым» күйінің видеосын жариялады.

«Қазақстанның тәуелсіздігін тойлау үшін олардың туын көтергенде, Нью-Йорк тұрғындарының да жігері мен рухын көтереміз. Біз туған қаламыздың алуан түрлі сұлулығын әлемге көрсетеміз. Нью-Йорк деп аталатын ғажайып экспериментке қосқан үлестеріңіз үшін рақмет», - деп жазды Эрик Адамс.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, АҚШ-та қазақтың күйін Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі Жүсіпхан Аманмырза орындаған.

«Мектептердің түлектері бізді өз білімдерімен, халықаралық зияткерлік жарыстардағы жетістіктерімен үнемі қуантып келеді. Сонымен қатар балаларымыздың Отанымыз бен мәдениетімізге деген сүйіспеншілігін көрсететін осындай іс-әрекеттері де ерекше қуаныш, мақтаныш сезімін ұялатады», - деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама