×

Әлем чемпионаты: Қазақстан армрестлингтен 68 алтын медаль алды

Сонымен бірге отандастарымыз 66 күміс пен 36 қола жүлдені иеленді

 Дастан Жұмабекұлы 26.10.2022 | 14:51
фото: Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы

Түркияның Анталья қаласында армрестлингтен өткен әлем чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрама командасы 68 алтын медаль алды. Сонымен бірге отандастарымыз 66 күміс пен 36 қола жүлдені иеленді.

Армрестлингтен ересектер, кадеттер, жасөспірімдер, жастар мен ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 1-орын алды.

Айта кетсек, бұл сынға 54 мемлекеттен 1 700 спортшы қатысқан болатын. Онда еліміздің намысын 200 спортшы қорғады.

Жалпы командалық есепте Түркия мен Болгария құрамалары да үздік үштікке кірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама