×

«Баланы кәмпит беріп алдайды»: ІІМ желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді

Полицияға арыз түспеген

 Халық үні 25.10.2022 | 12:10
фото: s13.ru

WhatsApp мессенджерінде белгісіз біреулер ұлын ұрламақ болғаны айтылған әйелдің аудиохабарламасы тарады. Осыған байланысты ішкі істер министрлігі түсініктеме берді.

Аудиода бетперде киген ер адам балаға кәмпит ұсынып, оны бірнеше адам отырған көлікке отыруға шақырғаны айтылған. Сондай-ақ әйел ұлының қашып үлгергенін айтқан. Полицияға арыз жазуға баратынын жеткізген.

Stopfake.kz сайтының хабарлауынша, Ішкі істер министрлігі ақпаратты тексерді.

«Полицияға мұндай арыздар түскен жоқ. Сондай-ақ хабарламада әйел балаларды осылай алдайтын топ барын айтады. Алайда тәртіп сақшыларына педофилдер тобы туралы да хабарланған жоқ», - делінген ақпаратта.

Құзырлы орган ауланы аралап, балаларды ұрлайтын ер адамдар тобы туралы ақпараттың фейк екенін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама