×

Атырауда көлік аударылып, 5 адам ауруханаға жеткізілді

5 жолаушы әртүрлі дене жарақатын алды

 Халық үні 24.10.2022 | 21:45
ашық дереккөзден

Атырауда көлік аударылып, әртүрлі жарақат алған 5 адам ауруханаға жеткізілді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 24 қазанда сағат 17:15 шамасында болған.

«Атырау қаласындағы «Жұлдыз-3» шағын ауданының тұсында Toyota Hilux автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі солға қарай бұрылған кезде жол апатына себепші болған. Соның салдарынан Атырау қаласына бара жатқан Toyota Ipsum автокөлігі жол жиегіне аударылған. Бұл көліктің рөлінде 20 жастағы жүргізуші болған. Toyota Ipsum автокөлігіндегі 5 жолаушы әртүрлі дене жарақатын алды. Зардап шеккен жолаушының бәрі облыстық ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті құжаттарды жинақтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама