×

Қазақстандық шахматшы қыздар әлем чемпионатында жүлдегер болды

Әлемдік дода Италияның Сардиния аралында өтті

 Динара Амантай 24.10.2022 | 12:57
Фото: @playchess.kz

Қазақстандық жас шахматшылар Әсел Серікбай мен Меруерт Камалиденова әлем чемпионатынан олжалы оралды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі, Astana орталық шахмат клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әсел Серікбай 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы World Junior Chess Championship 2022 Girls турнирінде күміс жүлдеге ие болды.

Ал Меруерт Камалиденова осы жарыстың қорытындысы бойынша 11 ұпайдың сегізін жинап, үшінші орынға табан тіреді.

Сондай-ақ қазақстандық Лия Құрманғалиева бәсекені 6-орынмен аяқтады. Әлемдік дода Италияның Сардиния аралында өтті.

Еске сала кетсек, Әсел Серікбай - шахматтан үш дүркін әлем чемпионы, жеті мәрте Азия чемпионы болған, әйелдер арасында халықаралық спорт шебері, ҚР ұлттық әйелдер құрама командасының мүшесі.

Меруерт Камалиденова да таяуда Президент қабылдауында болған қазақстандық шахматшы қыздар құрамасының мүшесі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама