×

Red Bull компаниясының қожайыны ауыр дерттен көз жұмды

Ол 1987 жылдан бастап Аустрияда сусын сата бастаған

 Еркеғали Болатұлы 23.10.2022 | 13:53
фото: ашық дереккөз

Red Bull энергетикалық сусындар компаниясының қожайыны және негізін қалаушы Дитрих Матешиц 78 жасында өмірден өтті. Ол ауыр дерттен көз жұмған. Бұл туралы CNN хабарлады.

Компанияның мәліметінше, Дитрих Матешиц 1987 жылдан бастап Аустрияда сусын сата бастаған. Ол Red Bull сусынының негізгі өнімінен бөлек, экстремалды спорт түрлерін насихаттаумен танымал болған. Сондай-ақ оның компаниясы Формула-1 жарысының 2 командасына демеушілік жасайды.

Ол – білікті кәсіпкер және біздің спортты өзгертуге көмектескен тұлға. Бұдан бөлек, бүкіл әлемге танымал Red Bull брендін жасаған адам, – деп атап өтті Формула-1 бас директоры Стефано Доменикали.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама