×

Қостанайға қазанның қары түсіп, күн күрт суытып кетті

Өңірдің солтүстігінде көктайғақ, тұман болады

 Еркеғали Болатұлы 22.10.2022 | 16:12
фото: ашық дереккөз

Бүгін Қостанайға қазанның қары жауды. Ауа райы болжамына сәйкес, осы аптада облыстың басым бөлігінде жауын-шашын болады.

Қостанайлықтар желіде алғашқы қардың суреті мен видеосын бөлісіп жатыр.

«Қазгидромет» РМК-ның болжамы бойынша, алдағы демалыс күндері облыстың орталық және батысында жауын-шашын болады деп күтіліп отыр. Ал солтүстігінде көктайғақ, тұман болады.

Қазір өңірде күн күрт суытып кеткен.

Еске сала кетсек, биылғы алғашқы қар бұған дейін Алматы облысында республикалық маңызы бар «Кеген-Нарынқол» автожолы аумағына түскен еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама