×

Түркия Қарабақта бас консулдық ашады

Жергілікті халық Шуша қаласын «Әзербайжанның жан дүниесі» деп атайды

 Дастан Жұмабекұлы 22.10.2022 | 10:57
фото: ашық дереккөз

Түркия Шуша қаласында бас консулдық ашады. Бұл қаланы Әзербайжан 42 күндік соғыста Армениядан азат еткен болатын.

«Anadolu» порталының хабарлауынша, бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.

Біз Шушада бас консулдық ашамы, - деді Ердоған. 

Түркия президенті сондай-ақ, түрік компанияларының Шушаның инфрақұрылымын қайта салумен айналысқанын, осының өзі қалаға, жалпы Қарабақ өңіріне туристердің көптеп келуіне септігін тигізетінін айтты.

Шушада ашылуы жоспарланған консулдық Әзербайжандағы төртінші түрік дипломатиялық миссиясы болады. Қазіргі күнде Бакуде Түркияның елшілігі, Гянджа мен Нахичеванда консулдықтары бар.

Шуша – 4,5 мың тұрғыны бар Таулы Қарабақтағы қала. Бұл қаланы Әзербайжан 2020 жылғы 8-9 қарашасында азат еткен. Әзербайжандар Шушаны «Әзербайжанның жан дүниесі» деп атайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама