×

ҰҚК Ауғанстан азаматтарына жалған төлқұжат жасаған шетелдікті ұстады

Ұсталған адам Алматы қаласы ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Динара Амантай 22.10.2022 | 10:23
Коллаж: Halyq Uni

Биыл 13 қазанда ҰҚК Шекара қызметі Алматы қаласының прокуратурасымен бірге Қазақстан аумағы арқылы Ауғанстан азаматтарын заңсыз өткізу арнасының жолын кесті деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҰҚК Шекара қызметі «Боран» арнайы бөлімшесін қолдана отырып өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Орта Азия елдерінің бірінің жалған төлқұжатын ұсынған шетелдік азаматты 1,5 мың АҚШ доллары сомасындағы ақшаны алу кезінде ұстады.

Өткізілген тінтудің нәтижесінде бірнеше қазақстандық ұйымдардың мөрлері, 20 ауғандық төлқұжат, туу туралы куәліктер мен ҚР азаматтығы мен елде тұруға ықтиярхат алуға, тіркелуге және елде болу мерзімін ұзартуға негіз болатын басқа да құжаттар алынды.

Аталған факт қылмыстық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігі («Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру») бойынша тіркелді.

Ұсталған адам Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама