×

Mudarabah capital ісі: Мейіржан Төребаевтың қамаудағы мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Mudarabah capital компаниясына қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам ұсталған

 Халық үні 21.10.2022 | 14:43
Мейіржан Төребаев, танымал блогер, вайнер

Танымал вайнер Мейіржан Төребаевтың қамаудағы мерзімі 18 қарашаға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Алматы сотының баспасөз қызметі. 

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімін іс материалдарымен танысу кезеңінде  бңр айға ұзарту туралы өтінішхат қанағаттандырылды, яғни 18 қарашаға дейін ұзартылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ, –  деп жазылған сот таратқан хабарламада.

Айта кетейік, 2022 жылғы ақпанда Алматыда Mudarabah capital компаниясына қатысы бар деген күдікпен ұсталған бірнеше адамға қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету бойынша айып тағылды. Олардың ішінде танымал блогерлер де бар. Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынып, тағы бір вайнер Азимжан Саидбаев шетелге қашып кеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама