×

Шөп шабуға шыққан: Алматы облысында 14 жастағы оқушы 9 күннен бері табылмай жатыр

Талғар ауданының полициясы 2007 жылы туған жасөспірімге іздеу салды

 Халық үні 21.10.2022 | 00:50
Фото: Алматы облыстық Полиция департаменті

Алматы облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 14 жастағы баланы іздестіріп жатыр.

Талғар ауданының полициясы 2007 жылы туған Қасейін Мұралға іздеу салды. Ол Талғар ауданының Көкдала кентінен 11 қыркүйек күні сағат 14:00 шамасында шөп шабуға үйінен шығып кетіп, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған.

«Бойы 165 см, дене бітімі орташа, көздері қоңыр, шаштары қара.Үстінде ашық сұр түсті жемпір, қара шорты, аяқтарында қызыл кроссовка болған. Іздестіріліп жатқан жасөспірімге қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз 8 701 375 92 91 немесе 102 телефондары арқылы хабарласуды сұраймыз»,- делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама