×

ЖСДП атынан ұсынылған Нұрлан Әуесбаев президенттікке кандидат ретінде тіркелді

Ол - ЖСДП атынан президенттік сайлауға түсетін алғашқы үміткер

 Халық үні 20.10.2022 | 18:12
Нұрлан Әуесбаев, фото: osdp.kz

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Нұрлан Әуесбаев президенттікке кандидат ретінде тіркелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында хабарланды. 

Еске салайық, Қазақстандағы оппозициялық партия саналатын ЖСДП атынан ұсынылған кандидат - 65 жастағы Нұрлан Әуесбаев, партияның Астанадағы филиалының жетекшісі.

Нұрлан Әуесбаев осыдан 16 жыл бұрын құрылған партияның атынан түскен алғашқы кандидат.

Бұған дейін Жалпыхалықтық социал-демократиялық (ЖСДП) партия президент және парламент сайлауына бірнеше рет бойкот жариялаған болатын.

Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама