×

Украинада бүгіннен бастап электр жарығы күніне 4 сағатқа дейін өшуі мүмкін

Елдегі электр станцияларының 30 пайызы жойылған

 Еркеғали Болатұлы 20.10.2022 | 11:18
фото: ашық дереккөз

Украинада бүгіннен бастап энергия үнемдеу режимі күшіне енеді. Оған сәйкес электр қуатын пайдалану таңертеңгі сағат 7-ден кешкі 10-ға дейін шектеледі.

«Укрэнерго» компаниясының ескертуінше, бүкіл ел аумағында жарық күніне 4 сағатқа дейін толық өшуі мүмкін. Сондықтан тұрғындарға телефондарын, фонариктерін, аккумуляторларын және өзге де құралдарын алдын-ала қуаттандыруға кеңес берілді.

Украина Үкіметі мұндай қадамға амалсыздан барып отыр. Президент Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, қазанның 10-нан бері Ресейдің зымырандық, дрондық шабуылдарынан елдегі электр станцияларының 30 пайызы жойылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама