×

Антикор 46 шенеунікті жауапқа тартуға ұсыныс берді

Полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторына 3 млн теңге айыппұл салынды

 Дастан Жұмабекұлы 20.10.2022 | 10:19
фото: ашық дереккөз

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік мекемелерге шенеуніктерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы 46 ұсыныс берді. Жауапкершілікке тартылғанның үшеуі жұмыстан шығарылды.

«Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин Атырау қалалық полиция басқармасына пара бопсалау туралы қылмыстық іс бойынша енгізілген ұсыныстар туралы хабарлады.

7 қыркүйекте Атырау қалалық №2 соты кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторына параның 30 еселенген сомасы, яғни 3 млн теңге айыппұл салған болатын. Сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Учаскелік полиция қызметкеріне пара алды (ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігі) деген айып тағылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама