×

Ақын диссидент Арон Атабек өмірден өтті

1 қазанда Алматы қаласына ұшып келген Арон Атабекті журналистер мен туыстары күтіп алды

 Халық үні 25.11.2021 | 10:39
Арон Атабек, диссидент ақын

2006 жылғы Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, биыл түрмеден шартты жазамен босап шыққан диссидент ақын Арон Атабаек 24 қараша кешкісін ауруханада қайтыс болды. Қайғылы хабарды Арон Атабектің қарындасы Рәзия Нұтышева жеткізді.

1 қазанда Павлодардың №2 соты денсаулығына байланысты жаза мерзімін бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырып, Арон Атабекті түрмеден босатқан еді. Ақын бостандыққан шыққан соң Алматыға оралған. Кейін оның халі нашарлап, Алматыдағы ауруханаға коронавирус диагнозымен жеткізілді.  

15 жыл түрмеде отырған Арон Атабек соңғы бір айдан бері ауруханада жатты.

Арон Атабек жатқан Алматыдағы «Медициналық көмек орталығының» өкілі Қуаныш Керімқұлов әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, марқұмның қан айналымы тоқтап қайтыс болғанын айтты. Медициналық көмек орталығы Арон Едігеевке «аса ауыр деңгейдегі коронавирус инфекциясы» диагнозы қойылғаннан кейін ауруханаға жатудан бас тартқанын, кейін ауыр жағдайда реанимацияға түскенін жеткізді.

Ресейдің Астрахань облысында дүниеге келген Арон Атабек Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі ҚазҰУ) филология факультетін тәмамдаған. Кейін Ленинград (қазіргі Санкт-Петербор) мемлекеттік университетінің моңғолистика және түркология кафедрасы аспирантурасында оқыған. Біраз уақыт кино, баспа саласында жұмыс істеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама