×

Қазақстанда бала саудасымен айналысқан әйел Кореяда ұсталды

Қылмыскер Оңтүстік Кореядан Қазақстанға депортацияланды

 Халық үні 19.10.2022 | 19:46
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда іздеуде болған қылмыскер әйел Оңтүстік Кореядан депортацияланды, деп хабарлайды polisia.kz сайты. 

Ішкі істер министрлігі Интерполдың Ұлттық орталық бюросы оңтүстік кореялық әріптестермен бірлесе отырып, кәмелетке толмағандарды саудалап, жалған құжат жасағаны үшін іздеуде жүрген 39 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын ұстады.

Бұған дейін әйел қыз бала туып, оның құжаттарын қолдан жасап, биологиялық баласын үшінші тұлғаға беру үшін заңсыз операция жасаған. Осыған байланысты фигурант халықаралық іздеуге жарияланды.

Қылмыскер Оңтүстік Кореядан Қазақстанға депортацияланды. Ол Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама