×

Теннис федерациясы Ресей спортшысына қатысты мәлімдеме жасады

Александр Шевченко Қазақстанның азаматтығын алуға талпынып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 19.10.2022 | 17:49
фото: ашық дереккөз

Теннис федерациясы мәлімдеме жасады. 

«Бұқаралық ақпарат құралдарында Ресей теннисшісі Александр Шевченконың спорттық азаматтығын өзгертті және бұдан былай Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді деген ақпарат тарады. Қазақстан теннис федерациясы Александр Шевченконың бізге хабарласқанын растайды. Оның ұсынысы қарастырылып жатыр. Соңғы кездері шетел теннисшілерінен Қазақстан атынан ойнауға ұсыныс көп түсіп жатқанын мәлімдейміз. Әр жағдай ыжағаттылықпен мұқият қарастырылады. Шетел теннисшілерінің Қазақстан азаматтығын алғаны туралы ақпарат шыққан жағдайда Қазақстан теннис федерациясы бұны жедел баспасөз өкілдеріне және өз жанкүйерлеріне хабарлайды», –  делінген хабарламада.

Мәлімдемеден белгілі болғандай, Теннис федерациясы Ресей спортшысы Александр Шевченконың Қазақстанның азаматтығын алуға өтінішін қарастырып жатыр. Шевченконың айтуынша, ол Ресейге ешқашан барғысы келмейді. Оның бұл елдің атынан жарыстарға да қатысуға ниет-құлқы жоқ.

«Мен 9 жасымнан бері Австрия мен Словакияда тұрып жатырмын. Менің Ресейге ешқандай қатысым жоқ. Бұл ел маған жат ел. Ол жерге барғым да келмейді. Менің Австрия мен Словакияда үйлерім бар. Братиславадан Австрияға дейін небәрі 70 шақырым. Екі ортада жүремін. Сондықтан Ресейге ешқандай қызығушылығым жоқ», –  деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама