×

Қасым-Жомарт Тоқаев көпшіліктің алдында шеге майыстырды (ВИДЕО)

Қонаев қаласында палуан Тимур Спатаев президенттің алдында өнер көрсеткен болатын

 Еркеғали Болатұлы 19.10.2022 | 17:09
фото: ашық дереккөз

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына барған сапарында Қонаев қаласының жұртшылығымен кездескен еді. Сол сәтте ол көпшіліктің алдында күшін де сынап көрді деп жазды Halyq Uni.

Кездесуде палуан Тимур Спатаев Қонаев қаласында шеге майыстырып, оны президентке тарту етті. Қара күш иесін президентке белгілі ережесіз жекпе-жек шебері Ардақ Назаров: «Біздің Қажымұқанымыз ғой», - деп таныстырды.

Қонаев қаласына хош келдіңіз! Рұқсат етсеңіз, қазақ елінің бірлігі, ынтымағы ретінде мына екі темірді біріктірейін, - деді өз кезегінде Тимур Спатаев.

Одан кейін мемлекет басшысы да спортшының әрекетін қайталап, бір шегені өзі майыстырып көрсетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама