×

Бас прокуратура Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты пікір білдірді

Іс материалдарымен танысу бойынша уақыт шектеуі қойылмаған

 Дәурен Ерболат 19.10.2022 | 15:19
Әсет Шындалиев, фото: Halyq Uni

Бүгінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов қылмыстық істің материалдарымен танысып жатыр. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл тамызда ҰҚК Кәрім Мәсімовке (және орынбасарларына, – автор) қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтағанын хабарлаған. Қазір айыпталушылар іс материалдармен танысып жатыр. Ол белгілі бір уақытты алуы мүмкін. Бұл – айыпталушылар мен олардың адвокаттарының белсенділігіне байланысты. Іспен танысуға қатысты уақыт шектеуі жоқ, - деді Әсет Шындалиев Мәжіліс отырысынан соң.

Еске сала кетсек, 25 тамызда ҰҚК Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтағанын хабарлаған болатын.

Қаңтар оқиғасынан кейін Кәрім Мәсімовке мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылған еді. Ал 6 қаңтарда ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы қызметінен босатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама