×

Өзбекстанда халық саны 35,8 млн-ға жетті

Бұл ел орта есеппен ай сайын 61 100 адамға көбейіп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 19.10.2022 | 11:39
фото: ашық дереккөз

Өзбекстанда халық саны 35,8 млн-ға жетті. Ал тұрақты тұрғындар саны күн өткен сайын орта есеппен 2 мың адамға көбеюде.

Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, 1 қазандағы жағдайға қарағанда, республиканың тұрақты тұрғындарының саны 35,8 млн адамға жеткен.

Жыл басынан бері елдегі халық саны орта есеппен ай сайын 61 100 адамға көбейген.

1 қазандағы жағдай бойынша Наманган қаласы республиканың аудандары мен қалалары арасында тұрақты тұрғындарының ең көп саны бойынша көш бастап тұр. Наманганда 673 800 адам тұрады.

Тұрақты халқының саны бойынша Өзбекстан Республикасы ТМД-да үшінші орында болса, туу көрсеткіші бойынша бірінші орында тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама