×

Киевке Беларусь тарапынан әуе шабуылы жасалды

Киевте 5 жарылыс болған. Бір ұшқышсыз техника тұрғын үйге түсті

 Халық үні 18.10.2022 | 23:14
Фото: arasha.kz

Ресей әскері Ираннан алынған дрон арқылы Киев және Украинаның солтүстіктегі облыстарына әуеден шабуыл жасауға кірісті, деп жазды inbusiness.kz.

Украинаның Әуе күштерінің баспасөз хатшысы оның Беларусь тарапынан ұшырылғанын хабарлады.

Киевте 5 жарылыс болған. Бір ұшқышсыз техника тұрғын үйге түсті. Салдарынан 3 бейбіт тұрғын жан тапсырды.

Олар сәби күтіп жүрген жас жұбайлар болып шықты. Келіншектің құрсағында 6 айлық бала болған. Кешелі бері Ресей әскері Днепропетровск, Сумск облыстарындағы инфрақұрылымдар мен әкімшілік және тұрғын үй кешендерін атқылаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама