×

«Видеоны әкімге көрсету керек». Қарағандылық автобус жүргізушісінің әрекеті елді шулатты

Полицейлер видеодағы ер адамның кім екенін анықтаған

 Дәурен Ерболат 18.10.2022 | 15:14
Фото: hr-portal.info

Қарағанды облысында жолаушылардың өміріне қауіп төндіріп, автобус жүргізген ер адамның ісі сотқа жолданды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Instagram-дағы @ekar.kz парақшасында ер адамның қоғамдық автобуста жолға қарамай, ұялы телефон ұстап отырғанын көруге болады. Оқиға №43 маршрутта болған.

Осындай жүргізушілердің салдарынан адамдар өмір бойы мүгедек болып қалады. Видеоны әкімге көрсету керек, - деп жазды @mgd48303 есімді желі қолданушы.

Сондай-ақ @belkinagulia бұл мәселеге Қарағанды қаласының әкімдігі атүсті қарап отыр деген пікірде.

«Көптеген шағым мен видео бар. Бірақ қала әкімдігі мен автопарк басшылығы бұл мәселені елемейтін сияқты. Неге Алматы мен Астанада мұндай мәселе жоқ?», - деді желі қолданушысы.

«Барлық автобуста жағдай осындай. Жұмысқа кімді алатындары белгісіз», - деп жазды @alenaalenushkka.

Telegram-дағы Policia.kz арнасының мәліметінше, полицейлер видеодағы ер адамның кім екенін анықтаған.

18 қазанда Қарағандыда қоғамдық көліктің тізгінінде телефон арқылы хат жазысқан жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері 27 жастағы автобус жүргізушісінің кім екенін анықтады.  Оның үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 591-бабы бойынша («Көлiкті басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы») хаттама толтырылып, жинақталған материалдар сотқа жолданды, - деп жазылған хабарламада.

Егер күдіктінің кінәсі сотта дәлелденсе, оған 5 АЕК (15 900 теңге, 1 АЕК – 3180 теңге) айыппұл салынуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама