×

Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстан боксшысы бразилиялық Эскива Фалькаомен жекпе-жекке шығады

 Дастан Жұмабекұлы 18.10.2022 | 11:20
фото: ашық дереккөз

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды. Ол енді WBA мен IBF ұйымдарының бірлескен шешімімен барлық атақтарын қорғау үшін бразилиялық Эскива Фалькаомен жекпе-жекке шығады.

Бұл туралы Boxingscene.com хабаралды.

Бұған деййін Головкинге орта салмақта WBA-ның екінші титулын иеленген Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізуге келісімін бері үшін бір ай уақыт берілген. Бұл уақыт таяғанда WBA мен IBF ұйымдарының бірлескен шешімімен Головкинге қарсылас ретінде Фалькао бекітілді.

Жекпе-жек туралы Головкин мен Фалькао командасының өкілдері әлі пікір білдірген жоқ. Себебі ұйымдар кездесу туралы әлі ресми хабарлама жасаған жоқ.

Головкин соңғы рет Сауль Альвареспен қолғап түйістірген болатын. Бұл кездесуде ол төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама