×

Қатарда тағы футбол турнирі болады

Азия кубогы 2023 жылдың 16 маусымы мен 16 шілдесі аралығында өтеді

 Дастан Жұмабекұлы 17.10.2022 | 17:29
фото: ашық дереккөз

2023 жылы Қатарда футболдан Азия кубогы үшін турнир өтеді.

Қатар футбол ассоциациясының (QFA) президенті Шейх Хамад бен Халифа бен Ахмед Әл Тани Азия футбол конференциясының басшысы шейх Салман бен Ибрагим Әл Халифадан 2023 жылғы Азия кубогын өткізу туралы сертификат алды. 

Бұл турнирде Катар құрамасы чемпиондық атағын қорғайды. Негізі бұл турнирді Қытай өткізу керек еді. Бірақ ҚХР 2022 жылдың мамыр айында короновирустың өршіп кетуіне байланысты турнирді қабылдаудан бас тартты. 

Азия кубогының финалдық кезеңі 2023 жылдың 16 маусымы мен 16 шілдесі аралығында өтеді. 

Биыл Қатарда тағы футболдан әлем чемпионаты болады. Ол 20 қарашада басталып, 18 желтоқсанда бітеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама