×

Алматы облысында 10-сынып оқушысы өз-өзіне қол салды

Ауыл тұрғындарының айтуынша, қайғылы жағдай мектеп маңында болған

 Халық үні 16.10.2022 | 19:34
ашық дереккөзден

Алматы облысында мектеп оқушысы өз-өзіне қол салды. 

Жасөспірім Талғар ауданына қарасты Жалғамыс ауылдық орта  мектебінде оқыған. 10-сыныпта оқыған қыздың оқыс қадамға баруына не себеп болғаны белгісіз. Министрлікте те, білім басқармасы да  оқушының өлімін растағанмен, қайғылы жағдайдың себебін айтудан бас тартты. Ауыл тұрғындарының айтуынша, қайғылы жағдай мектеп маңында болған.

«Жалғамыс ауылында 2022 жылдың 15 қазанында оқушы өз-өзіне қол салды. Қайғылы оқиға сабақтан тыс уақытта болған. Қайтыс болған оқушының отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Білім басқармасы  қажетті көмек көрсетеді. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізуде»,- деді Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама