×

Рудныйдағы 6 жасар егіздердің өлімі: желіде балалардың қазасына қатысты аудиожазба тарады

Рудный қаласында алты жасар екі баланың өлімі фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады

 Халық үні 14.10.2022 | 18:33
ашық дереккөзден

Қостанай облысы полиция департаменті 2016 жылғы ағайынды балалардың өліміне қатысты түсініктеме берді. 

«Рудный қаласында алты жасар екі баланың өлімі фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген полиция хабарламасында.

Қостанайлықтар мессенджерлерде анасы балалардың өліміне есірткіден улану себеп болуы мүмкін екенін айтып жатқан аудиожазба таратты.

Жазбаға сәйкес, анасы мен ұлдары дүкенге барғанда балалары сыртта қалған. Анасы дүкеннен шыққанда, екі ұлының қолында кәмпит бар екенін көрген.

Балалар тәттіні бейтаныс аға ұстатып кеткенін айтады. Үйге келгенде әйел кәмпитті қоқыс жәшігіне тастаған. Бірақ, балалары оны сол жерден алып жеуі мүмкін.

Әйелдің айтуынша, балалар бүгін жерленеді.

Айта кетейік, бұған дейін Рудныйда 6 жасар егіздер ауруханадан шыққан соң қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама