×

Астанада Путиннің баспасөз хатшысы Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер мүмкіндігі туралы айтты

Дмитрий Песковтың жауабын қазақстандық журналист Әділ Балтабаев өзінің Telegram-арнасында жариялады

 Халық үні 14.10.2022 | 07:26
фото: видеодан скриншот

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинамен келіссөздер жүргізу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды, stan.kz. 

«Диалог жүргізу үшін екі тарап қажет. Қазір Батыс бізге өте дұшпандық позиция ұстанғандықтан, жақын болашақта мұндай перспективаның болуы екіталай. Соған қарамастан, Түркия да бірқатар басқа елдер сияқты, қандай да бір жолмен делдалдық әрекетін жалғастыруда», – деді Песков.

Украинамен келіссөз үстеліне отыру мүмкіндігі туралы айтқанда, Песков «Украина президенті Владимир Зеленский Владимир Путинмен келіссөздерді жалғастырмау тақырыбын кодификациялағанын» атап өтті.

«Кодификация деген нені білдіреді. Бұл украиндықтардың келіссөздер жүргізуіне тыйым салатын тиісті заң қабылдады. Осы арқылы ары қарай қалай әрекет етпек, түсініксіз», – деп қосты ол.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин кездескен болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ердоған мен Путиннің келіссөздері 1,5 сағатқа созылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама