×

Ресей армиясы 40-тан астам елді мекенге соққы берді

Украина әскері болса, ресейліктердің 25 позициясын атқылаған

 Халық үні 14.10.2022 | 01:26
фото: ашық дереккөзден

Бүгін Ресей армиясы Украинада тағы 40-тан астам елді мекен мен қалаға ракетамен соққы берді. Николаевта 5-қабатты үй қирап, оның астында қалып қойған 12-жасар бала алты сағаттан кейін құтқарылды. Елдің төтенше жағдайлар қызметі жасөспірімнің ауруханаға жеткізілгенін және жағдайының жақсы екенін хабарлады.

Украина әскері болса, ресейліктердің 25 позициясын атқылаған. Мұны жергілікті қарулы күштердің бас штабы мәлімдеді.

Айта кетсек, Ресей өткен аптада Қырым көпірінде болған жарылыс үшін кек алу мақсатында Украина қалаларын зымырандармен, дрондармен шабуылдай бастады. Алайда, Киев ол жарылысқа өзінің қатысы жоқ екенін айтып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама