×

Баланың туу туралы куәлігін енді онлайн алуға болады

Қызмет Kaspi.kz қосымшасында беріледі

 Динара Амантай 13.10.2022 | 15:24
Фото: gov.kz

Елімізде бұдан былай баланың туу туралы куәлігін онлайн алуға болады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі балалардың дүниеге келуін тіркеу кезінде туу туралы медициналық куәліктерді әділет органдарына беруді қамтамасыз етеді. Енді бұл құжатты Kaspi.kz платформасын пайдаланушыларға баланың туу туралы куәлігін беру қызметі арқылы онлайн алуға болады.

Kaspi.kz.әзірлеушілері түсіндіргендей туу туралы куәлікке өтінішті тікелей қосымшада беруге болады. Өтінімде баланың аты-жөні мен ата-анасының деректерін енгізу керек, содан кейін куәлікті алғыңыз келетін ХҚКО таңдау керек.

Өтінімді берген кезде ата-аналар Kaspi.kz қосымшасында бейнетексеруден өтеді. Бұл азаматтардың құжаттарына бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу үшін жасалған.

Бұл сервис Денсаулық сақтау, Әділет, Инновацияларды цифрлық дамыту және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен, «ҰАТ» АҚ және Kaspi.kz компаниясымен бірлесіп іске асырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама