×

Қырым көпіріндегі жарылыс: Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі 8 адамның тұтқындалғанын мәлімдеді

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі су үстіндегі өткелге Украина шабуыл жасады деп есептейді

 Халық үні 13.10.2022 | 08:22
Фото: badcrimea / VK

Ресей Қырым көпірінде болған жарылысқа байланысты 8 адамның тұтқындалғанын мәлімдеді. Ұсталғандардың бесеуі – ресейліктер, екеуі – украиналықтар, біреуі – Армениядан, деп хабарлады Qazaqstan телеарнасы.

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі су үстіндегі өткелге Украина шабуыл жасады деп есептейді. Алайда, Киев бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме бермей отыр.

Айта кетсек, Қырым көпірінде қазанның 8-інде жүк машинасы жарылғанда автомобиль жолының екі бөлігі опырылып түсіп, теміржол зақымданып, жеті цистерна отқа оранып, үш адам қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама